Ислам ғұламалары «уақыт мекеннен қымбат, себебі қандайда бір мекенге оралуға болады. Ал өткен уақытқа қайта орала алмайсың» – деген.
Йә уақыт көптеген нәрседен қымбат, қазақта «алтын уақыт» деген де сөз бар. Алла Тағала Құранда көптеген аятта уақытпен ант еткен. Бұл уақыттың Алла берген нығыметі әрі оның адам өмірінде маңызды екенін білдіреді.
📗 Алла елшісі (с.ғ.с) «Бес нәрседен алдын бес нәрсенің қадірін біл».
1.«Дүниеден өтпей тұрып, өмірдің»
2.«Ауырмай тұрып, денсаулықтың»
3.«Бір нірсемен шұғылданып қалмай тұрып, бос уақыттың»
4.«Қартаймай тұрып, жастықтың»
5.«Кедейлікке түспей тұрып, байлықтың» – деген.
Тағы бір хадисте: «Адамдар қадірін біле бермейтін екі нығымет бар олар: денсаулық пен бос уақыт» – деп адамдардың басым көпшілігі уақыттың қадірін білмей бос өткізетіндігін айтқан.
📔 Омар (р.а) «Есепке түспей тұрып, өздеріңе есеп беріңдер» – десе, Хасан Әл-Басри «Ей адам баласы, сенің өмірің күндермен шектеулі, егер бір күнің кетсе бір бөлігіңді жоғалтқаның» – дейді.
📕 Ибн Масғуд (р.а) «Менің ең үлкен өкініштерімнің бірі, салиқалы амалдарсыз өлімге жақындаған уақыттарым» – деген екен.
📌 Қорытынды: «Уақыт қылыш секілді сен оны кеспесең, ол сені кеседі» – деген тәмсіл де бар. Сондықтан Алла берген әрбір нығыметтің қадіріне жетіп, тиімді әрі дұрыс жолға пайдаланайық. Алла Құранда «Егер шүкір етсеңдер арттырамын, ал егер күпірлік етсеңдер азабым өте қатты» – деген.
🤲 Уақыттарымыз күпірге емес, шүкірге толы болсын!
@berik_sulimenov
168