ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/03/2020 311

Анар туралы өтірік хадистер

Анардың артықшылықтары туралы хадистердің барлығы да – ойдан шығарылған, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) атынан айтылған жалған сөздер. Оны шииттер мен рафидиттер ойдан шығарған.

📒 Имам əз-Захаби “Сиярында” жазады: “Əли əр-Рида абыройлы, халифалыққа лайық адам болған. Ол туралы жəне оның атынан рафидиттер өтірік айтқан. Шектен шығып, оны тым мақтап-мадақтап, бейкүнəлік дəреже берген… Ол болса, атынан айтылған жалған хадистерден аулақ. Сондай, оның атынан “пайғамбар айтты” деп басталатын өтірік хадистердің бірі: “Кім анарды қабығымен қоса жесе, Алла оның жүрегін қырық түн нұрландырады”. Бұл адастырушылардың ойынан шығарған өтіріктері”. (Имам əз-Захаби. Сияр. 9/392-393)

📒 Сондай-ақ, осыған ұсас хадисті имам əс-Суюти өзінің “Əл-Лаали” атты жалған хадистер жинағында келтіріп, оның ойдан шығарылғандығын айтады: “Кім анар жесе, жүрегі нұрланады жəне оған шайтан қырық күн жақындай алмайды”. (Имам əс-Суюти. Əл-Лаали әл-Маснуға фи әл-Ахадис әл-Маудуға. 2/177)

@dastan_kurmanbayev