ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/20/2018 219

Аттың тағасын есікке қағып қойсақ пайдасы тиеді ме?

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Түркияның әйгілі уағызшыларының бірі Осман Демиржи (1927-2004) Кадыкөй мешітінде уағыз айтып отырғанында, жамағаттың ішінен бір кісі: “Ұстаз! Аттың тағасын есікке қағып қойсақ пайдасы тиеді ме, береке әкеле ме?”,-деп сұрайды.

Ұстаз: “Еш пайдасы тиеді деп ойламаймын. Себебі тағаланған әрбір аттың аяғында әлгі сен айтып отырған тағаның төртеуі бар. Пайдасын қайдам, әйтеуір ат таңның атысы күннің батысы қамшы жейді де жүреді”,-деген екен.
Аударған: Бауыржан Әлиұлы