Арал аудандық орталық мешіті
1995 жылы 14 наурызда салынып, 1996 жылы қазан айында пайдалануға берілді. Сол мезеттегі аудан әкімі Б.Қаюповпен халық бірігіп салды. 2013 жылыға дейін халлыққа қызымет қылып келді. Ол мешітті апаттық жағдайда шешіп жанына 2013 жылы жаңа мешіттің құрлысы басталып 2016 жылы пайдалануға берілді,
Мешіт ашылғалы діни сауат ашу курсында көптеген адамдар діни дәріс алуда. Халыққа имандылық жайлы уағыз, үгіт-насихат жүргізіледі. Діни рәсімдер атқарылады. Намазхан саны бірте-бірте өсуде. Аудандық мешіт көпшілік қауымды имандылыққа, адамгершілік – парасаттылыққа, Отанды сүюге, қасиетті ата- бабалар, салт-дәстүрлерін қастерлеуге, ізеттілікке аянбай қызмет етуде.
Жердің көлемі 3837 (үш мың сегіз жүз отыз жеті) шаршы метр.
Мешіт ғимаратының.
Мекен жайы: Әбілхайырхан көшесінің бойында нөмірі 5а. Күмбезі екеу. Биіктігі 27 метр, бір мұнарасы бар. 2 – қабаттан тұрады. Ішкі бөлмелері 16 бөлмеден тұрады. Намаз жайға 1500 адам кетеді. 34 терезесі бар. Айналасы көгалдандырылған. Тоғыз адамдық дәретханасы бар.