ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты

Қармақшы мешіті: Жақсыбек Әбиұлы

Абенов Жақсыбек Әбиұлы

Өмірбаян

 Абенов Жақсыбек Әбиұлы 1980 жылы 29-қазанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. Отбасылық жағдайларға байланысты 1984 жылы облыс орталығына қоныс аударып, 1987 жылы Қызылорда қаласындағы № 43 Ж.Маханбетов атындағы қазақ орта мектебіне қабылданды.

1989 жылдардан бастап Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» (қазіргі «Нұр») мешітінен діни сауат ашып, 1993-94 жылдары Қызылорда қаласында ашылған «Ақмешіт» медресесінде білімін жалғастырды.

1997-2001 жылдары Шымкент қаласындағы «Өтес батыр» ислам институтында оқып, тәмамдады.

2011 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің «исламтану» бөліміне түсіп 2015 жылы үздік дипломмен тәмамдады.

2015 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің «дінтану» бөліміне магистратураға түсіп 2017 жылы «Дәстүрлі діндердегі толеранттылық ұғымы» тақырыбында магистрлік диссертация қорғап, дінтану магистрі ғылыми дәрежесін алды.

Бірнеше мәрте түрлі деңгейдегі семинарларға, тренингтерге қатысқан, ғылыми конференцияларда баяндама жасаған.

1994-97 жылдары Қызылорда облысы, Арал ауданы, Райым елді мекеніндегі «Айтуар ата» мешітінде имам болып қызмет атқарды.

2001-02 жылдары Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» (қазіргі «Нұр») мешітінде ұстаз болып қызмет етті.

2002-07 жылдары Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел елді мекеніндегі «Мұхаммеди ишан» мешітінде имам болып қызмет атқарды.

2007-09 жылдары Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең елді мекеніндегі «Мәмбетәлі ахун» мешітінде имам болып қызмет атқарды.

2009-11 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария аудандық мешітінде имам бас болып қызмет атқарды.

2011-14 жылдары Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет ата» мешітінде наиб имам болып етті.

2014-18 жылдары Алматы қаласы, Жетісу ауданына қарасты «Сұлтан Қорған» мешітінде наиб имам болып етті.

2018 жылы сәуір-қазан айларында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма елді мекеніндегі «Алдажар жәме» мешітінде бас имам болып қызмет атқарды.

2018 жылдың 4-қазанынан Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде бас имам болып қызмет атқаруда.

Бірнеше мәрте наиб мүфти, өкіл имамдардың алғыс хаттарымен марапатталған.

2010 жылы қажылық парызын өтеген.

Отбасылы, 5 перзенті бар.