ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
15 Қараша, 2018 353

Дінді үйретуге келген періште

Сахаба Омар ибн Хаттаб былай деді: «Біз  Аллаһтың  елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырған бір күні, біздің алдымызға ерекше ақ киімді және ерекше қара шашты кісі шықты.

Оның үстінде сапар шеккен адамның ешбір ізі болмады, бірақ та біздің арамызда да оны танитын ешкім болмады. Ол Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдына келіп отырды. Тізелерін оның тізелеріне тигізіп және қолдарын өзінің аяғына қойып«Иә, Мұхаммад, маған Ислам жайлы айтшы», деді.

Аллаһтың  елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ислам дегеніміз  –   ол Аллаһтан  басқа  Құдай жоқ екендігіне және Мұхаммад Аллаһтың елшісі екендігіне нану, намаз оқу, зекет төлеу, Рамадан айында ораза ұстау және мүмкіншілігің болса қажыға бару», – деп айтты. Ол (келген адам): «Сен дұрыс айттың», – деді. Біз оның Аллаһтың елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрағанына және оның дұрыс айттың  дегеніне таң қалдық. Ол (келген адам): «Енді маған иман жайлы айт», – деді.

Бұл: «Ол дегеніміз Аллаһқа, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне, Қияметке, барлық жақсылық пен жамандық Аллаһ тарапынан жазмыш екендігіне сену», – деді. Ол: «Сен дұрыс айттың»,- деді. Ол (келген адам): «Маған Ихсан жайлы айтшы», – деді. Бұл: «Ол дегеніміз, Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық ету, өйткені, Оның сені көріп тұрғаны ақиқат», – деді. Ол (келген адам): «Енді маған Қиямет жайлы айтшы», – деді. Бұл: «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді», – деді. Ол: «Енді маған оның белгілерін (алдында не болатыны) айтып берші», – деді.

Бұл: «Күң өзіне ханымын туады, сен аш-жалаңаш, бейшара қойшылардың биік ғимраттар салып жатқанын көресің», – деді. Содан соң ол (келген кісі) кетті, ал мен бірер уақытқа бөгелдім. Сонда ол: «Иә, Омар, сен кімнің сұрақ қойғанын білесің бе?», – деді. Мен: «Аллаһ және Аллаһтың елшісі бәрінен жақсы біледі», – дедім. Ол:«Бұл болған сендерді, сендердің діндеріңе үйретуге келген, Жәбірейіл (періште)», – деді.(Муслим риуаят еткен)