ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/06/2020 203

Достың бойынан табылуы керек қасиеттер

Бұл өмірде әлдебір жетістікке жету үшін, әлдеқандай жақсылыққа кенелу үшін жанашыр дос керек.

Жүсіп Баласағұни: “Жалғыз жортқан кісі – қаңбақ көшпелі, шарапаты тимес елге, еш тегі”, – деп “жаяудың үні, жалғыздың шаңы шықпайтынын” айтып кеткен екен.

Мұса пайғамбар да Алла Тағаладан дос сұраған.

Ол: “Маған өз әулетімнен біреуді, бауырым Харунды ақылшы қылғайсың. Ол арқылы мені күшейте көр. Оны ісіме ортақ ет. Бұл Сені көбірек дәріптеуіміз, Сені көбірек еске алуымыз үшін”, – деп тілеген. (20:29-34)

 Бұл аяттардан достың бойынан төмендегідей қасиеттер табылуы керек екенін байқауға болады:

1️⃣ Жанашыр. Өйткені, Мұса пайғамбар “өз әулетімнен” деп сұрады. Көбіне, жақын адамның жанашыр болатыны белгілі.

2️⃣ Ақылшы. Өйткені, аяттағы “وزير” деген сөз “ақыл-кеңес беретін адам” деген мағына береді.

3️⃣ Жәрдемші. Өйткені, “Ол арқылы мені күшейте көр” дегені – оны маған жәрдемші еткейсің дегені.

4️⃣ Қуаныш пен қайғыға ортақ болу. Өйткені, Мұса пайғамбар оны сауапты да, жауапты пайғамбарлық миссияма ортақ ет, яғни оны да пайғамбар қыл деп сұрады.

5️⃣ Жақсылыққа жетелеу. Өйткені, аятта “Бұл сені көбірек дәріптеуіміз, Сені көбірек еске алуымыз үшін” деп Мұса пайғамбар дос сұрауының себебін баяндады. Ендеше, бір-біріне жақсылық жасауға жәрдемші болу – достық борыш!

@dastan_kurmanbayev