ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/08/2019 204

Еден жуушының атын білесіз бе?

Күндердің күнінде университет профессоры студенттерден жазбаша тест алуға кіріседі. Студенттердің арасында ең жақсы оқитын Жамил есімді студент тесттің барлық сұрағына жауап беріп, тек «оқу ғимаратында қызмет істейтін еден жуушының аты кім?» деген сұрақтың жауабын  таба алмай дал болады. Содан Жамил бұл бір әзіл шығар деп басында елемейді. Оның бір білетіні, еден жуушы әйел 50 жасты алқымдаған, шашы қара болатын. Кейін сабақ аяқталғасын Жамил профессордан:

— Ұстаз, мына сұрақ қызық екен. Бұл сұрақтың жауабы бағаланған кезде ескеріле ме?-деп сұрайды. Профессор:

— Әрине, ескеріледі. Мен сендерге өмірлік сабақ болсын деп осы сұрақты қойдым. Ертең болашақта сендер бірнеше орындарда жұмыс істейсіңдер. Сол кезде көптеген адамдармен танысып, әріптес боласыңдар. Сендер біліңдер, олардың барлығы көңіл бөлуге лайықты адамдар. Еден жуушы, аула сыпырушы деп адамдарды алалауға болмайды. Сондықтан кім болсын, тым болмағанда оның атын біліп, сәлемдесу адам көңілін табу үшін өте маңызды,-деген екен.  

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы   

kazislam.kz