ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/01/2022 63

ЕЛ АЛҒЫСЫН АРҚАЛА!

Возможно, это изображение (1 человек, ребенок и текст)
Бүгін көктемнің алғашқы күні. Керемет мерекемен ай басталды. Яғни, Алғыс айту күні. 2016 жылдан бастау алған бұл мерекеде отандастарымыз өз ата-анасына, бауырларына, достарына, әріптестеріне күллі жақындарына, жақсылығы өткен жандарға риясыз алғыстарын білдіріп жатады. Жақсылық еккен алғыс орады демей ме, дана халқымыз. Алғыс көңілдің ризашылығы, бауырластықтың белгісі. Қазақ: «Көңіл көңілден су ішеді», – деп бекер айтпаған.
Асыл дініміз ислам адамзат баласын алғысты амал жасауға үндейді. Өзгенің еңбегін, жақсылығын ескеруді, оған алғыс айтып, көңіліне жылылық танытуға үндейді. Құранда Алла бізге былай бұйырады: «Сендер Мені еске алыңдар (яғни, маған құлшылық етіңдер), сонда Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкіршілік етіңдер және әсте күпірлік етпеңдер» («Бақара» сүресі, 152-аят)
Бұл аяттан әрдайым Алланы еске алудың, оның берген күллі сый-нығметіне шүкір етудің маңыздылығын түсінеміз. Қандай жетістікке жетсек те «әуелі Алла» деп сөз бастап, шүкірімізді білдіріп жататынымыз осыдан. Расында жоқтан бар қылып, жаратылыстың ең ардақтысы етіп, иман байлығын берген Аллаға күн сайын сансыз шүкірлік айтуымыз керек.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Адамға алғысы жоқтың – Алла Тағалаға алғысы (шүкірі) жоқ», – деген. Адам баласының жақсылығын бағалап, оған алғыс айту – имандылық. Кейде кісіге алғыс айтуға жарамағаны ма деп налитынымыз бар. Қазық халқы: «Алтын алма бата ал. Алтын жер ырысы, бата ел ырысы», – деген. Адам батамен көктейді, береке табады. Батаның ішінде алғыс та, тілек те болады.
Үлкендеріміз өздерінен кішілердің істеріне, сөздеріне көңілі толғанда «Балам, қолыңды жай. Мен саған бата берейін» дейтіні де сондықтан болса керек. Ел аманатын арқалап, қызметте жүргендегі ең маңызды құндылығымыз, ел алғысын арқалау ғой. Елдің ризашылығынан, алғысынан, үлкеннің батасынан асқан не бар?!
Баршаңызға мың алғыс!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ел алғысын арқалап, жақсылықта жүрейік.
Қайырбек Отызбаев,
Қызылорда облыстық «Ақмешіт Сырдария»
орталық мешітінің наиб имамы