📒 Әбу әл-Фараж Ибн әл-Жаузи “Тәлбису Иблис” (Шайтанның шатастырулары) кітабында шайтанның кейбір адамдарды тегінің, ата-бабасының салихалылығымен алдайтыны жайында жазады (ары қарай Ибн әл-Жаузидің сөзі):
⠀
Мысалы, біреулердің тегі танымал болады. Сөйтіп, “Мен Əбу Бəкірдің ұрпағымын”, “Әлидің ұрпағымын”, “Хасанның, Хусайнның ұрпағымын” немесе “Пəленше ғалымның, түгенше тақуаның туысқанымын” деп мас болады.
⠀
Сондағы сеніп отырғандары мына екі нəрсе:
⠀
1. Олар “Кім бір адамды жақсы көрсе, ол оның балаларын, отбасын да жақсы көреді” деп айтады. (Яғни, атамыз Алланың сүйікті құлы болған. Демек, Алла бізді де жақсы көреді дейді)
⠀
2. “Ол кісілер Қиямет күні шапағат ете алады. Ал олардың шапағатына ең лайықтылар – əулеті мен ұрпақтары” деп айтады. (Яғни, сол кісілердің шапағатына сеніп, өздері құлшылық қылмайды немесе күнə жасайды)
⠀
Бірақ, бұның екеуі де – қате!
⠀
Əуелі жақсы көруге келетін болсақ, Алла Тағаланың жақсы көруі – адамдардың жақсы көруі сияқты емес. Ол тек Өзіне бойсұнғандарды ғана жақсы көреді. Əйтпесе, яхудилер – Яқуб (Жақып) пайғамбардың ұрпағы. Бірақ, сонда да, аталарының абыройы оларға пайда бермеді.
⠀
Ал шапағатқа келер болсақ, ол туралы Алла Тағала: “Олар Алла разы болған адамдарға ғана шапағат ете алады”, – дейді. (Құран 21:27) Мысалы, Нұх пайғамбар суға батып бара жатқан ұлын кемеге мінгізгісі келгенде, оған “Ол сенің отбасыңнан емес” (Құран 12:46) деп айтылды. Ибрахим пайғамбар да тасқа табынушы “әкесіне” шапағат ете алмады.
⠀
Ендеше, кім әкемнің (ата-бабамның) құтылуымен мен де құтыламын деп ойласа, әкемнің жегеніне мен де тоямын дегендей болады.
⠀
📒 Ибн əл-Жаузи. Тəлбису Иблис. 388-399 б.
125