ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/19/2021 421

«Имандылық—тәрбие негізі тақырыбында кездесу өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жалағаш аудандық «Иманқұл ата» мешіті Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен аудан жастарымен кездесу өтті.

Кездесуде ауданның бас имамы А.Мадиев мектеп оқушыларымен «Имандылық—тәрбие негізі» тақырыбында сұхбат жүргізді. Еркін форматта өрбіген әңгіме аясында Айбек Тынымбайұлы көркем мінезді қалыптастырудың маңыздылығы мен иманды жастың Алла Тағала алдындағы дәрежісі туралы, сондай-ақ баланың ата-ана алдындағы парызы мен жақсылығы жөнінде сөз қозғап, өнегелі оқиғалар төңірегінде өсиет айтты. Сөз соңында жас жеткіншектердің сауалдарына жауап беріп ақыл-кеңесімен бөлісті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдгінің баспасөз қызметі