ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/02/2020 170

Үйде ит ұстау

Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Малға, аңға және егінге пайдаланудан басқа мақсатта ит асыраған адамның күн сайын бір “қират” сауабы кеміп отырады”, – деген. (әл-Бухари, Муслим)

Біріншіден, жоғарыдағы хадистен себепсіз немесе үйдің ішінде ит асыраудың харам екенін түсінеміз. “Бір қират сауап” дегенді басқа хадистерде Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Ухуд тауындай сауап”, – деп түсіндірген. Басқа бір риуаятта: “Күн сайын екі қират сауабы кеміп отырады”, – деп келеді. Оны Ибн Омар: “Мадина қаласына қатысты”, – дейді. Осыған сүйеніп Нур ад-Дин Итр: “Қалада, пәтерде ұстаса сауабы еке есе кемиді”, – деп айтқан.

Екіншіден, хадисте үш мақсатта ит асырауға рұқсат етілетіні айтылған: 1) мал бағуға, яғни малды айдауға, ұрыдан, қасқырдан қорғауға, 2) аң аулауға (бірақ, арнайы үйретілген ит болуы керек!), 3) егінге, яғни егінді ұрыдан, жануардан қорғауға.

📌Бірақ, үйде емес басқа орында бағады.

📒 Ибн әл-Хумам: “Үйдің ауласында да ұстауға болмайды. Тек ұры-қарыдан қорықса ғана болады”, – деген.

Бұл рұқсаттарға полиция иттерін де қосуға болады. Бірақ, оларды да арнайы орындарда асырау керек. Үйде ұстауға түбегейлі тыйым салынады.

📒 Басқа бір хадисте ондай үйге періштелер кірмейтіні жайында айтылады. Оны ғалымдар мейірім періштелері деп түсіндірген. Яғни, ондай үйге Алланың мейірімі жаумайды, берекесі кірмейді.

[Қараңыз: Нур ад-Дин Итр. Иғләм әл-Анам шарх Булуғ әл-Марам. 4/298-300]

@dastan_kurmanbayev