ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/02/2018 492

Кедейліктен қалай құтылуға болады?

Материалдық әл-ауқат  – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Өмірде тұрмысы жақсы, әл-ауқаты жоғары болып өмір сүру де отбасын қамтамасыз ете алмау да кездеседі. Байлық та, кедейлік те – сынақ. Алайда, көпшілік материалдық деңгейінің жоғары болуын қалайды. Есесіне, кедейліктен қашады. Дегенмен, кедейліктен ешкім де сақтандырылмаған.

Қасиетті Құранда былай айтылған: «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!» (2:155).
Кез келген сынаққа Алла Тағала хайыр берген. Егер Алла Тағала сізден бір нәрсені алар болса — бұл тек Оның қалауымен болған әрі мұнда әділетсіздік жоқ екендігін ұмытпаңыз. ХадистеҮ «Кедейлер Жұмаққа байлардан 500 жыл бұрын кіреді» (Тирмизи) деп келгендей, кедейліктің де керегі бар.

Басқа нығметтер сияқты материалдық игілік те – Алла Тағаланың бергені. Кедейліктен, мұқтаждықтан құтылу үшін әрекет етуде Аллаға ғана тәуекел етіп, тек адал жолмен, ұстамдылық таныта отырып, амал ету қажет. Әрі қаражат табуда кездесетін түрлі күнәлар мен әділетсіздікке жол бермей нәпақа іздеу керек. Тапқан мал-мүлікті тек адал қажеттіліктерге жұмсау міндет. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Егер кімде-кімнің басына кедейшілік орнап, одан құтылу үшін адамдардан көмек сұрар болса, ол ешқашан бұл кедейліктен арыла алмайды. Ал егер кімде-кім көмек сұрап Аллаға жалбарынар болса, онда оны Алла жылдам өлу жолымен не болмаса тезірек баю жолымен байытады» (Әбу Дәуд) деген.

Егер адамның басына кедейлік тауқыметі түссе, онда ол хадисте айтылғандай әрекет етуі керек:

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде былай келген: «Егер Алла құлдарының бірі бақытсыздыққа ұшырап, былай айтар болса:
«Шынында, біз Аллаға тәнбіз, асылында, қайтадан Оған ораламыз. Уа, Алла, менің бақытсыздығымды хайырлы етіп, маған бұдан да жақсы нәрсе берші! (Инна ли-Лләһи уа инна иләй-һи раджи‘ун. Аллаһумма-джур-ни фи мусыбати уа-хлюф ли хайран мин-ха!)»,
Алла Тағала міндетті түрде қиындыққа душар болған адамға хайыр беріп, оған одан да жақсы нәрсе нәсіп ететін болады» (Мүслім).

Алла – ризық беруші, мейірімді әрі қайырымды. Алла Тағаладан ризығыңызды көбейтуін, хайырлы болар ауқаттылық сұраңыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім Алладан бір нәрсе сұрар болса, алдымен Аллаға мадақтар айтып, Оны дәріптесін, содан кейін Пайғамбарымызға салауат айтып барып қана өз қалағанын сұрасын» (Ахмад) деген.

Ал басқа бір хадисте:

«Кімде-кім Алладан бір нәрсе сұрар болса, өз тілегінде табандылық танытсын әрі былай айтпасын: “Уа, Алла, егер қаласаң осыны маған нәсіп етші”, — асылында, ешкім Алланы мәжбүрлей алмайды» (Ахмад) делінген.

Кедейліктен құтылуға арналған дұға: «Аллахумма рабба ссамауаати ссаб’а уа рабба ль-Арши ль-Азым иқди a’ннад-дайна уа ағнина мина ль-фақр».

Мағынасы: «Уа, Алла, Жеті көк пен ұлы Аршының Жаратушысы: біздің қарыздарымызды төлеп, бізді кедейліктен құтқара гөр!»