📌Адам жаттаған сүрелерді немесе аяттарды ұмытып қалмау үшін әрдайым Құранды қайталау арқылы онымен үнемі байланыста болуы керек.
⠀
⠀
➡️Себебі, Құран үнемі оқылып және қайталанып тұрмаса тез ұмытылады.
⠀
⠀
📌Әбу Муса әл-Әшғариден (р.а) риуаят етілген хадисте Алла елшісі (с.а.с): “Құраннан хабар алып тұрыңдар. Мұхаммедтің жаны уысында болған Алламен ант етейін, ол (Құран) сытылып кетуге тұсаулы тұрған түйеден де асау” деген. (Бұхари, Муслим)
⠀
⠀
➡️Яғни қайталанып тұрмаса тез ұмытылып кетеді деген сөз.
⠀
⠀
📌Әнәс ибн Мәликтен (р.а) жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с): “Маған үмбетімнің сауаптары, тіпті, бір кісінің мешіттен кішкентай қоқысты шығарып тастаған ісінің де сауабы көрсетілді.
Сондай-ақ маған үмбетімнің күнәлары көрсетілді. Мен қандай да бір кісінің сүре немесе аят жаттап, оны ұмытып кетуден артық күнәні көрмедім” дейді. (Әбу Дәуіт, Тирмизи)
⠀
⠀
📌Сағд ибн Убададан риуаят етілген хадисте пайғамбар (с.а.с): “Кім Құранды оқып, сосын естен шығарса, қияметте Алла Тағаламен мылқау күйде жолығады” деген.⠀
⠀
Аллаһ Тағала, Сіздер мен біздерге бұл дүниеде де, қияметте де Құранның берекеті мен шапағатын нәсіп етсін🤲🤲📗🌹 ⠀