ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/19/2020 160

Бойдақ жігіттің бөлмесінде түнеген сұлу қыз (аударма) ⠀

🌌 Қараңғы түсіп, түн жамылған кез…
Есіктің қағылған үнін естіп, жігіт есікті ашты.
Кенет түсінбестен дауыстап жіберіп: “Сен кімсің” – деді.

Ол: “Өзінің студент екенін айтып, мұғалімдеріммен келіп, адасып қалғанын айтады.
Жігіт: “Сен халық көшіп кеткен, ешкім жоқ аймақтасың” деп, оның таң атқанша бір бөлмелі ғана үйінде түнеуіне рұқсат етеді. Жігіт төсегінің бергі жағынан мата іліп екі араны бөліп қойды.

Қыз қатты ыңғайсызданып, түнде ұйқы қысып ашылып қалудан қорқып, қымтанып жатты.

📚 Жігіт қолына кітап алып оқып жатқан болатын.

Кенет кітапты жанына қоя салып, алдындағы жанып тұрған шамға 🔥 бас бармағын біраз уақыт 👉 күйдіре ұстап тұрды. Араға аздап уақыт салып өзге саусақтарында солай күйдіре бастады.

😭 Қыз көзіне жас алып, Құдайдан шайтан азғырар іс-әрекеттер болмауын тілеп, Тәңірге жалбарынып жатты.

Екеуі де түні бойы көз ілмеді… Таң атысымен жігіт қызды ауылына апарып салды.

Қыз жігітпен болған оқиғаны әке-шешесіне бұлжытпай айтып берді. Бірақ оған әкесі қызының халін көріп сеніңкіремеді, қыз түндегі қатты қорқыныштан ауырып қалғантын.

Әкесі сол ауылға әдейілеп жігітке жол көрсетуін сұрап барады. Жігіт жол көрсетіп жатқанында саусақтарының күйгенін көріп, жолшылай себебін сұрайды.

Жігіт: “Кеше бір сұлу қыз келген еді, түнде менің бөлмемде қонған болатын. Екеуміз ғана болғандықтан “екеудің үшіншісі шайтан болады” дегендей, түнде шайтан азғарды, мені азғыруы қатты күшейген кезде Алланың азабын есіме алу үшін саусағымды күйдіріп, нәпсімді тежеп отырдым. Саусағымның күйгенінен көрі мен үшін сол қыз жайлы ойлауым ауырлау қиын болды” – деп болған қиссаны айтып берді.

Қыздың әкесіне жігіттің нәпсісін тежеудегі тақуалығы ұнап, оны өз үйіне қонаққа шақырды. Сұлу қызын сол жігітке беріп, екеуін үйлендіруді мақсат етті.

P.S. Құранда: “…Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол береді және оған ойламаған жерден Алла ризықтандырып қояды” – дегеніндей ризығы адалынан әрі мәңгілік болды. (“Талақ» сүресі, 2-3 аяттар).

 

@zhenis_abibullauly