Карта иесіне шариғатта тыйым салынбаған ерекшеліктерді беруге рұқсат етіледі. Мысалы, карта иесіне қызмет көрсетуде артықшылық беру, әуе компанияларында, қонақүйлерде немесе мейрамханаларда бағаны төмендету секілді жеңілдіктер беріледі. Берілген бонустар клиенттерді ынталандыру болып саналады.
Біріншісі, төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы керек. Кредит карталарын (Credit Card) пайдаланып, ол үшін бонустар алуға болмайды.
Екіншісі, түскен бонус шариғатта тыйым салынған болмауы керек. Мысалы, тыйым салынған жерлерге кіру бонус ретінде берілсе, қолдануға рұқсат етілмейді.
Үшіншісі, бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы керек.
Төртіншісі, бонус қайтымсыз болуы керек. Егер бонус себепті тауарды қымбат бағамен сатса және клиент бонусқа қол жеткізу мақсатында тауарды сатып алса, құмар болып саналады.
Жоғарыда келтірілген шарттарға сай болса, төлем карталары арқылы түскен бонустарды, жеңілдіктерді қолдануға болады. Ал жоғарыдағы шарттарға сай келмесе, қолдануға болмайды.
Медет ҚҰРМАШҰЛЫ,
«Иман» журналы, №11, 2023 жыл