ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Сырдария аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен кезекті мұқтаж отбасыға салтанатты түрде пәтер кілтін табыстау шарасы өтті.
Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барған Бас имам Болатбек Абуов бүгінге дейін өз үйлері болмағандықтан жалдамалы пәтерді паналап келген көп балалы жалғыз басты анаға кілт табыстап, жаңа қонысына кілем сыйлады. Мешіт имамдарының ұйытқы болуымен №333 пәтерге ие болған батыр ана демеушілік жасаған жергілікті кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттарына ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасы аясында 2020 жыл басынан бері осымен барлығы 18 сыр бойылық жанұя баспаналы болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі