ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/08/2025 38

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Сыр өңірінің имамдары соғыс және тыл ардагерлерінің хал-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтап қайтты.
Айта кетейік, соғыс және тыл ардагерлерін құттықтау шаралары барлық аудандарда ұйымдастырылып, оған аудан, ауыл имамдары белсенді түрде қатысуда. Бұл игі бастама – ҚМДБ тарапынан жыл сайын жүзеге асырылатын дәстүрлі іс-шаралардың бірі.
Сұрапыл соғыста ұлы Жеңіс үшін ерлікпен күрескен ержүрек қариялар Сыр имамдарына бастан кешкен оқиғаларын баяндап, ақ баталарын берді. Олар елдің тыныштығы мен амандығын тілеп, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне көңіл бөлу керектігін айтып, ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі