ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторы, Төретам кенттік “Ар-Рахман” мешітінің ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті.
Алты сағатқа созылған тартысты сайыста 3 – орын 274 мектеп, 2 – орынды 279 мектеп-лицей иемденсе 1 – орын “Ar-Rahman” кубогы 80 мектеп гимназия командасына бұйырды.
Орын иемденген командаларға қаржылай сыйлықтар үлестірілді.
Турнир соңында мешіт имамы Дәуіржанұлы Мұрат турнир қатысушылары мен жанкүйерлеріне өз тілегін білдіріп, шариғатымызда салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданудың маңыздылығы жайында айтып өтті.





