ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/25/2026 2

АС БЕРУДЕГІ ЫСЫРАПШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТӨҢІРЕГІНДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Қызылорда қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің имамы, облыстық «Уағыз-насихат» бөлімінің жетекшісі Қайырбек Отызбаев облыстық «Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат берді.
«Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасында имам «Ас беру мәдениеті» құжатының мазмұны мен маңызын түсіндірді.
Аталған құжаттың негізгі мақсаты – шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрді сабақтастыра отырып, отбасының әлеуметтік жағдайына салмақ түсірмейтін, ысырапшылдыққа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны қоғам арасында кеңінен насихаттау.
Сұхбат барысында құдайы ас дастарханында қарапайымдылықты сақтау, ас мәзірін шамадан тыс көбейтпеу мәселелеріне де тоқталды. Сондай-ақ «Ас беру мәдениеті» құжаты барша мұсылман қауымына арналғаны және ондағы талаптарды сақтау ортақ жауапкершілік екені айтылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі