ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/13/2025 67

Қазалы: Білім сайысы өтті

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданында «Намаз – діннің тірегі» атты білім сайысы өткізілді.
Білім сайысына жалпы 7 команда қатысып, хакут қосымшасы арқылы намаз тақырыбы бойынша фиқһ білімдері мен практикалық дайындықтары сарапқа салынды.
Сайыстың мақсаты – жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру, намаздың үкімдері мен шарттарын дұрыс меңгертуді жетілдіру және мешіттердің өзара байланысын нығайту екендігін аудан бас имамы Нәби Нұрдәулет Асқарұлы айтып өтті. Сөз соңында сайысқа демеуші болған азаматтарға алғысын білдірді.
Үздік көрсеткіш көрсеткен командалар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
1 орын «Жиенәлі ахун» мешіті
2 орын «Әли-Муса» мешіті
3 орын «Халық» мешіті мен «Жанқожа батыр» мешіті
Қалған командаларға ынталандыру қаржысы табысталды.