ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/28/2026 2

ҚАЗАЛЫДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Құран Кәрім» оқу бағдарламасы аясында Қазалы ауданында дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинарды Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің Қызылорда облысы бойынша жауапты жетекшісі Нұрсұлтан Уәлиұлы жүргізді. Ол өз сөзінде діни қызметкерлер үшін білімді үздіксіз жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, Құран ілімін сапалы меңгерудің жауапкершілігіне назар аударды.
Семинар қорытындысында қатысушылар емтихан тапсырып, оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табысталды.
Оқу барысында имамдар Құран Кәрімді дұрыс әрі көркем оқу қағидаларын, тәжуид ережелерін терең меңгеріп, діни білімдерін жетілдірді.