
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы бойынша семинар өтті.
Семинарда облыстық мешіттің бірінші наиб имамы Жақсыбек Әбенов «Қажылық» тақырыбында насихат айтып, қасиетті сапарға дайындық жүргізу тәртібі мен орындалуы тиіс амалдар туралы түсіндірді және арнайы рұқсаты бар туроператорлармен ғана бару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, “Tawaf Travel” компаниясы жайлы ақпарат беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



