Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінің бас имамы Өміржан Жұмаділдаұлы “Рухани-адамгершілік құндылықтар және дәстүрлі діндер” және “Расскажи мне об Исламе” тақырыбында қалалық №7 орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтармен таныстыру, олардың өмірлік көзқарастарын қалыптастыру, сонымен қатар дәстүрлі діндердің қоғамдағы рөлін түсіндіру.
Өміржан Жұмаділдаұлы сұқбат барысында оқушыларға рухани тәрбиенің маңыздылығы, діннің қоғамдағы орны, және ұлттық салт-дәстүрлер туралы түсінік беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу оқушылардың рухани дамуына ықпал ету және олардың дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.