ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/07/2023 7

БАЙҚОҢЫРДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСҚОСУ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Қазалы, Қармақшы аудандарының және жергілікті жамағаттың қатысуымен берекелі басқосу кеші өтті.
Жамағаттың бірлігін арттырып, бауырмалдығын нығайту мақсатында, «Ізгі қоғам ізгі жамағатпен» ұранымен, өткен рухани жиында облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған аудан және қала мешіттерінің бас имамдары мен наиб имамдары да қонақ болды.
Зәулім мейрамханада жайылған ақ дастарқан басында «Мұсылманның сипаты», «Алланың үйін жақсы көру» сынды тақырыптарда насихат, рухани өлең-жыр айтылып, күй тартылды. Арқан тартыс ойыны ойнатылып, векториналық сұрақтар жасырылды. Сайыстарға қатысып, белсенділік танытқандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі