ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/29/2026

БАС ИМАМ «ҚАЙЫРЛЫ КҮН, ҚЫЗЫЛОРДА!» БАҒДАРЛАМАСЫНДА

Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы Қызылорда облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасына қатысып, Құрбан айт мерекесіне қатысты сұхбат берді.
Сұхбат барысында бас имам Құрбан айттың рухани маңызы, құрбан шалудың тәртібі, биылғы мерекеге дайындық жұмыстары мен өңірде ұйымдастырылатын рухани-мәдени және қайырымдылық шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, тұрғындарды қасиетті мерекені ынтымақ пен ізгілік аясында өткізуге шақырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі