ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/24/2025 18

БАС ИМАМ ҚАЗАЛЫДА МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қазалыда “Мақтаулы Мұхаммед ﷺ” атты мәуліт кеші өтті.
Аудандық «Жанқожа батыр» орталық мешіті жанындағы асханада өткен рухани жиынға Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы қатысты.
Алғы сөзін қазалылық жамағатты құттықтаумен бастаған аймақтың бас имамы жамағатқа Алла елшісінің ﷺ көркем мінезі мен ғибратты ғүмыры жайлы насихат айтты.
Сондай-ақ, Құран аяттары оқылып, салауаттар жолданды, спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
ҚМДБ Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі