Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы Қазалы ауданына қарасты кент, ауыл мешіттерінің имамдарына «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өткізді.
Ауданға жұмыс сапарымен барған Бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжатын түсіндіріп, имамның тұлғалық келбетіне тоқталды. Уағыз айту барысында сөз жауапкершілігін сезініп, сөйлеу мәдениетін сақтауды тапсырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі