ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/16/2026 5

БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Бас мүфти кеңесшісі, ҚМДБ стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдің орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жұма уағызын айтты.
«Үміт ізгілікке жетелейді» тақырыбында уағыз айтқан Смайыл Сүйерқұлұлы: «Алла Тағалаға иман келтірген пенде әрқашан келешекке үмітпен қарайды. Жеке адам да, қоғам да үміттің арқасында алға басып, дамиды. Пенде өзінің үміті арқылы түрлі белестерден қиналмай өтіп, биік шыңдарға шығып, көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Осыны ескерген халқымыз мақал-мәтелдерінде: «Үмітсіз жаннан без, қайырсыз малдан без», «Шықпаған жанда үміт бар», «Үмітсіз шайтан», – деген түрлі насихаттар қалдырған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хижр» сүресі, 56-аятында біздерді ешуақыт үміт үзбеуге шақырып: «Раббыңның рақымдылығынан адасушылардан басқа кім үміт үзеді?» – деп айтқан» деді.
Жұма намазынан кейін ҚМДБ Дін істерін талдау бөлімінің меңгерушісі Асан Әбдіқұлұлы Қызылорда жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі