ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/10/2024 4121

БАС МҮФТИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ РИЗАБЕК АЙТМҰХАНМЕН КЕЗДЕСТІ

БАС МҮФТИ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ РИЗАБЕК АЙТМҰХАНМЕН КЕЗДЕСТІБүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еркін күрестен қазақ балуандары арасында тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханмен кездесті.

Бас мүфти 20 жастағы балуанды соңғы екі жылдағы жарқын жеңістерімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

«Күрес – асыл дінімізде ерекше құпталған, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналатын әрі қазақтың қанына сіңген спорт. Бозкілемде жауырыныңызды жерге тигізбей, әлемдік додаларда еліміздің даңқын асырып келесіз. Алла Тағала жетістігіңізді ұзағынан етіп, өзіңізді жарақат атаулыдан, тіл-көз, қауіп-қатерден сақтағай. Жеңісті жолыңызды жалғап, келесі Олимпиадада чемпион атануыңызды тілеймін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, Ризабек Қанатұлы 2023 жылы еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанды. Ал биыл 20 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлемдік турнирлерде тағы да өзінің теңдессіз екенін дәлелдеді.