ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/22/2021 114

БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Нұр-Мүбарак университетінде ілім алушы қызылордалық студентке білім гранты тарту етілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі “Жастар ісі” секторы, қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінің ұйытқы болуымен сектордың облыстағы жетекшісі А.Жексенов сыр бойылық шәкіртке оқуда сәттілік тілеп, бір жылдық оқу ақысына көмек болар қаржы сертификатын табыстады.

Айта кетейік, аталмыш жоба діни басқарма қүрылғанына 30 жыл толуына және  Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында білім алушы жастарға қолдау білдіру мақсатында ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі