ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/15/2025 1926

БІР АЙДА — БІР КІТАП

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінде жүзеге асып жатқан «Бір айда — бір кітап» жобасы аясында мешіттің оқырман жастары «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітапты толық оқып шығып, арнайы тест арқылы білімдерін пысықтады.
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған игі бастамада «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылды.
«Бір айда — бір кітап» жобасы жастардың танымын арттырумен қатар кітапты ұжымдық рухта оқуға баулиды. Алдағы айда жаңа кітап ұсынылып, жоба жалғасын табады.