ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
01/06/2026 2

«БІРЛІГІ БЕКЕМ ЖАМАҒАТ»

«Бірлігі бекем жамағат» атты Сыр жамағатының 2026 жылдағы алғашқы басқосуы өтті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ұйымдастырылған рухани жиынға Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған қала мешіттерінің дін қызметкерлері мен жамағаты қатысты.
Шара барысында ғибратты насихат айтылып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен үзінділер келтірілді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында сұрақ-жауап ойыны ойнатылды.
Жиын соңында Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы, бірлік пен береке үшін дұға жасалды. Сондай-ақ, қасиетті үш айдың бастауы саналатын Ережеп айының қадір-қасиеті түсіндіріліп, бұл айды құлшылықпен өткізуге шақырылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі