Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылдық «Рамберді ишан» мешітінің имамына республика бойынша №855-ші баспана кілті табысталды.
Игі шараға арнайы барған Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы ауыл имамы Сәбит Әлжановты қонысымен құттықтап, демеушілерге ризашылығын білдірді.
24 жылдан астам дін саласында қызмет етіп келе жатқан көп балалы әке Сәбит Әлжановтың еңбегі мен әлеуметтік жағдайы ескеріліп, үйлі болуына қазалылық Нағыметжан атаның ұрпақтары қолдау көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында биыл 35 дін қызметкеріне және 35 мұқтаж отбасыға баспана сыйлау жоспарланған.
ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі