ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/23/2025 476

ХАДИС – ҒҰРПЫМЫЗ, СҮННЕТ – САЛТЫМЫЗ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» атты білім сайысы өтті.
Сайысқа қала мешіттері жанындағы діни сауат ашу курстарының шәкірттері қатысып, аталмыш кітап бойынша білімдерін сынады.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, сондай-ақ ғұрып пен салтымызды насихаттау.
Интеллектуалдық бәйге екі кезеңнен тұрды:
1. «Білімді мыңды жығар…» – қазақ халқының салт-дәстүрі мен ғұрыптары жөніндегі тест сұрақтары;
2. «Жүзден жүйрік…» – «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабы аясында билет арқылы сұрақтарға жауап беру.
Тартысты додада үздік шыққан жеңімпаздарды Сыр өңірінің Бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы дипломдар және қаржылай сертификаттармен марапаттап, қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар, жас шәкірттерге білім мен тәрбие жайында насихат айтып, батасын берді.
Жеңімпаздар:
• І орын – «Хазіреті Әли» мешітінің үміткері Жылыбаев Қуаныш;
• ІІ орын – «Ыбырайым молда» мешітінің үміткері Тәкен Жасұлан;
• ІІІ орын – «Әл-Уәли» мешітінің үміткері Тұрғанбек Абдулла.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі