ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/22/2026

«ИГІЛІК» ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРІ «QMDB HALAL» КУӘЛІГІН АЛДЫ

Қызылорда қаласында «Игілік» брендімен танымал жартылай дайын өнімдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» куәлігіне ие болды.
ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС мамандары жүргізген тексеріс нәтижесінде «Игілік» ЖК «Игілік» жартылай дайын өнімдері ЖШС СТ 96090-1-2021 «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына толық сәйкес келетіні расталып, кәсіпорынға ресми түрде «QMDB Halal» куәлігі табысталды.
«Игілік» ЖК, «Игілік» жартылай дайын өнімдері
ҚР, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы:
1. Б.Майлин көшесі, 41А
Тіркеу нөмірлері:
№ KZ01512
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі