ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/20/2025 76

МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық «Мырқы қажы» мешітінде «САҒЫНДЫРҒАН АЛЛА ЕЛШІСІ МҰХАММЕД (ﷺ)» тақырыбында рухани мәуліт кеші өтті.
Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт айының құрметіне өткен рухани кешке облыс Бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы қатысып, әсерлі насихат айтты.
Сонымен қатар, Ақмешіт-Сырдария мешітінің наиб имамы Шыңғыс Садуов Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянынан Мәуліт жырлады.