ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/24/2023 25

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.
Облыс орталығында мешіт жамағаты арасында ұйымдастырылған додаға 13 команда қатысты.
Жамағат арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға атсалысу, өзара бірліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында өткізілген жарыс тартысқа толы болды.
Аяқ доп сайысында «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті атынан ұйымдасқан команда топ жарып, бірінші орынды иеленді.
Екінші орын «Ерназар Мақсұм» мешітіне бұйырды. «Құддыс Ишан» мешіті үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Турнирге қатысқан қалған командаларға алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ, ойыншылар арасында оза шапқан Наурыз Нұрмағамбетовке «Үздік қорғаушы», Бектөре Рүстембековке «Үздік ойыншы», Нұрхан Сардарбекке «Үздік шабуылдаушы», Батырхан Нысанғалиға «Үздік қақпашы» номинациялары берілді.
Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 

dav