Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Астана қаласында алғаш рет өткізілген Азия чемпионаты қарсаңында мешіт жастары арасында үстел теннисінен топтық сайыс өтті.
Бұл шара жастардың спортқа деген ынтасын арттыру және оларды салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында жүзеге асырылды.
Бұл шара жастардың спортқа деген ынтасын арттыру және оларды салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында жүзеге асырылды.
Сайысқа барлығы 4 команда қатысты. Әрбір команда жүлделі орындарға ие болу үшін бақ сынады.
Турнир қорытындысы бойынша:
1. “Ясин” командасы сайыста жоғары шеберлік көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды.
2. “Бауырлар” командасы екінші орынды иеленіп, жақсы ойын үлгісін көрсетті.
3. “Ансари” тобы үшінші орынға тұрақтады.
4. “Тақия” тобы жарысты төртінші орынмен аяқтады.