ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/29/2021 88

МЕШІТ ЖАСТАРЫ КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторы Ақай ауылдық «Мүсірәлі сопы Әзіз» мешітінің ұйымдастыруымен «Мұңын ойла мұқтаждың» қайырымдылыық акциясы өтті.

Нақтырақ айтар болсақ, қыркүйек айы – көп балалы аналарға жәрдемдесу бағытына арналып, балаларын жалғыз өзі асырап отырған тұрмысы төмен аналарға қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, қысқы маусым басталар алдында жаңа терезелер мен су құбырлары орнатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Игі шараның шарапатын сезініп, қуанышқа бөленген алтын құрсақты аналар мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағаттан құралған белсенді жастарға алғыстарын жаудырды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі