
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Ақмешіт–Сырдария» орталық мешітінде «Өмірге үміт сыйла» ұранымен донорлық акция өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына орай өткізілген игі бастама аясында қасиетті жұма күні мешітке келген ерікті жамағат қан тапсырып, сауапты іске үлес қосты.
Қасиетті Құран Кәрімнің «Маида» сүресінің 32-аятында: «Кім бір адамды өлімнен құтқарса – барлық адамды тірілткенмен тең» деп, адам өмірін сақтаудың сауапты амал екендігі ескертілген. Осы аятқа амал еткен жамағатқа «Облыстық қан орталығының» қызметкерлері мен мешіт имамдары ризашылығын білдірді.
Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, қан тапсырудың адам өмірін құтқарудағы маңызы түсіндірілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

2