ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/28/2025 2

«MUFTIYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қызылорда облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында орналасқан мешіттерде «Muftiyat» баспасының кітап жәрмеңкесі өтті.
Жұма намазына жиналған жамағатқа арнайы сөрелер қойылып, баспаның діни-танымдық, рухани тәрбие, отбасы құндылықтары және ұлттық дәстүрлер тақырыбын қамтитын түрлі кітаптары ұсынылды.
Келушілер өздеріне қажетті әдебиеттерді қолжетімді бағамен сатып алып, жаңа басылымдармен танысты. Жәрмеңке аясында имандылыққа үндейтін, жастар мен жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған әдебиеттерге ерекше қызығушылық байқалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін жандандыру, отандық діни басылымдарды насихаттау және сапалы діни әдебиеттерге қолжетімділікті арттыру.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі