
Қызылорда қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ермек қажы Қасболатұлы және ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлының қатысуымен Сыр өңірі имамдарына арнайы семинар ұйымдастырылды.
Жиын барысында діни ағартушылық жұмыстың тиімділігін арттыру, уағыз-насихат мазмұнын жаңғырту, қоғамға қажетті рухани тақырыптарды жүйелі жеткізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, имамдардың білімін жетілдіру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдістемесі және қазіргі діни ахуалға байланысты маңызды бағыттар қамтылды.
Семинар соңында арнайы сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өңір имамдары өзара тәжірибе алмасып, пайдалы ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара Сыр өңіріндегі діни қызметтің сапасын арттыруға бағытталған игі қадамдардың бірі болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі




8