ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/12/2025 34

ОҢАЛТУ БАҒЫТЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Сыр өңірінің бас имамы Дастан Құрманбаевтың төрағалығымен діни оңалту бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге байланысты жиналыс өтті.

Қызылорда облыстық “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде өткен жиынға аймақ мешіттеріндегі оңалту саласына жауапты дін қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Дастан Жанасұлы мамандарға алдағы уақытта аталмыш бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды пысықтап, оң нәтижеге қол жеткізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі