ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2026 1

«ПӘТУА САҒАТЫ»: ҚАТЫНАС КӨЛІКТЕРІНДЕ НАМАЗ ОҚУ ҮКІМІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде кезекті «Пәтуа сағаты» өтті. Бұл жолғы дәріс тақырыбы – «Қатынас көліктерінде намаз оқу үкімі».
Жиында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Қызылорда облысы бойынша жауапты маманы, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Әліби Әуелбекұлы сапар барысында намаз оқу тәртібі мен шариғи үкімдерін түсіндірді.
Сондай-ақ қатынас көліктерінде намаз оқудың шарттары, уақыт пен құбыла бағытын ескеру, сапар жағдайында құлшылықты орындауға қатысты мәселелер кеңінен тарқатылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі