
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде кезекті «Пәтуа сағаты» өтті.
Кездесу барысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің аймақтағы жауапты маманы, мешіттің наиб имамы Әліби Әуелбекұлы «Мәһірдің мөлшері жайындағы үкім» тақырыбында түсіндірме жасады.
Діни дәріс аясында мәһірдің шариғаттағы орны мен оның мөлшеріне қатысты үкімдер түсіндіріліп, тақырыптың маңыздылығы баяндалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

3