Адам баласының есепсіз сауаптарға кенеліп, Алла Тағаланың мейіріміне бөленіп, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына кенелуіне себеп болатын амалдардың бірі – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту.
Осыған орай Қазалы ауданында орналасқан “Қожаназар ишан” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “Пайғамбарға салауат” атты жарыс өтті.
Мешіт жамағаттары арасында өткен салауат сайысында белсінділік танытып, жеңімпаз атанғандар алғыс хаттармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі