
Қасиетті Құрбан айт күндерінде ұйымдастырылған «Раббың үшін құрбан шал» республикалық акциясы Сыр өңірінде жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Игі шараның тиімді атқарылуына облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары, еріктілер мен қасапшылар, техникалық мамандардан құралған жұмысшы топ үлес қосты.
Айт күндері атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс бойынша 2006 қой, 85 ешкі, 196 ірі қара, 3 түйе құрбандыққа шалынып, 11972 отбасы мен 11 мекемеге 105 тонна 355 келі құрбан еті үлестірілді.
Айта кетейік, өткен жылы 2640 бас мал құрбандыққа шалынып, 10058 отбасы мен 6 мекемеге 121 тонна 319 келі құрбан еті үлестірілген болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



