ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/28/2025 487

ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кентіндегі «Әл-Мүмин» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауға арналған аймақтық іріктеу сайысы өтті.
Байқауға қала, аудан және ауыл мешіттерінен келген 62 үміткер Құран Кәрімнің 10, 20, 30 параларын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынасты.
Сайыстың ашылуында Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Құран сайысына Мұқан Нұрланұлы, Шыңғыс Жаппарханұлы және Исмаил Омарұлы сынды тәжірибелі қарилар төрелік етті.
Нәтижесінде жүлдегерлер келесідей анықталды:
30 пара жатқа оқу:
• І орын – Абай Шыңғысұлы (300 000 тг)
• ІІ орын – Абдулбақи Абдулазиз (200 000 тг)
• ІІІ орын – Мансурхан Валихан (150 000 тг)
20 пара жатқа оқу:
• І орын – Асадулла Эминтаев (200 000 тг)
• ІІ орын – Нұрифат Ермухаммедов (150 000 тг)
• ІІІ орын – Рахымәлі Нуриддин (100 000 тг)
10 пара жатқа оқу:
• І орын – Билал Абдукадиров (150 000 тг)
• ІІ орын – Расул Дадажанов (100 000 тг)
• ІІІ орын – Бекболат Алайдар (75 000 тг)
Мәнерлеп оқу:
• І орын – Саилбилал Мирамонов (100 000 тг)
• ІІ орын – Бақберген Жарқынбекұлы (75 000 тг)
• ІІІ орын – Берік Тантақ (50 000 тг)
Барлық жүлдегерлер арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, әр аталым бойынша бірінші орын иеленген үміткерлер ҚМДБ ұйымдастыратын ХІV республикалық Құран байқауында Сыр өңірінің намысын қорғайтын болады.
ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі