ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/27/2026 6

РАНТ МҮШЕСІ ӘДІЛХАН ӘЛИХАНҰЛЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Астана қаласындағы «Нұр-Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Әлиханұлы Қызылорда облысына арнайы сапармен келіп, бірқатар рухани-танымдық кездесулер өткізді.
Сапар аясында РАНТ мүшесі облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде жамағатқа «Құмар ойын құрдымға жығады» тақырыбында жұма уағызын айтты. Сондай-ақ қалалық «Нұр» мешітінде құптан намазының уақытында ««Хұжұрат» сүресіндегі мұсылмандық әдептер» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Бұдан бөлек, Әділхан Әлиханұлы Сыр жастарымен кездесіп, бос уақытты тиімді пайдалану, жан-жақты даму және Отанға деген сүйіспеншілік тақырыптарында ой бөлісті.
Сапар барысында қала мешіттерінің қызметкерлеріне арналған арнайы семинар да ұйымдастырылды. Жиында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбы қозғалып, мешіт имамдарының жамағатпен қарым-қатынасы, насихат жүргізудің әдіс-тәсілдері, уағыз мазмұны мен діни ақпаратты сауатты жеткізудің маңызы кеңінен түсіндірілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі